Актриса үйін жаңа үйге алмастырамын деп алаяқтарға алданды
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Динара Сәтжанға берген сұхбатында үйін басқа жаңа үйге алмастырғысы келгенін күйеуі Қайрат Нұртас білгенін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова үйін жаңа үйге алмастырамын деп алаяқтарға алданды. Актриса бұл шешімге бармас бұрын күйеуімен ақылдасқанын айтты.
"Карантин кезінен шыққан кезде бізде балалар әлі кішкентай еді. Балалар үйде қамалып отырып қалды, есік алдына шыққысы келеді. Дастархан басында балалар жер үй болғаны жақсы деген сөздер айтып жүрді. Үйді сату немесе алмастыру үшін заң түрінде жолдасыңның келісімі болуы керек. Сондықтан Қайрат бұл жайлы білді. Қайратпен бардық, көрдік, ақылдастық, әуежайға жақын екені ұнады. Ұсынысы бізге ыңғайлы болды. Қайратқа да ол жер ұнады", - деді актриса.
Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, Қайрат Нұртас уақыт өте күмәндана бастаған.
"Кейін Қайрат менен енді қашан болады деп сұрай берді. Ол күдіктене бастады. Негізі Қайраттың интуициясы өте жақсы дамыған. Ол 2022 жылдың соңында бірдеңе таза емес деді.
Алаяқ болып шыққанын естігеннен кейін әрине Қайратқа айттым. Осындай жағдай болып қалды дедім. Ол сабырлықпен қабылдады. Бастысы, аман болайық, еңбектеніп, тағы да бір үй алармыз деді. Енді не істейсің деді. Мен соңына дейін барамын дедім. Әйтпесе ол алаяқ ертең өзгені де алдайды", - дейді өнер иесі.
Еске салайық, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова алаяқтарға алданып, үйінен айырылып қалғанын айтқан болатын.
Алаяқтық жасаған компаниямен соттасқан танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сотта жеңіліп қалған еді. Өнер иесі сот шешімімен келіспейтінін білдірді.
Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың пәтеріне қатысты даулы жағдайға пікір білдірді.
"Алданып қалды. Ол жерде менімен де, Қайратпен де ақылдасқан жоқ. Өзі де кішкене көріп жатыр. Өз қателігін мойнымен көтеріп, ол да тырысып жатыр. Кішкене басына тигені жақсы. Әр нәрсенің қадірін біледі. Ол үй де оңайшылықпен келген жоқ. Қайрат екеуміз неше күн, неше түн ұйықтамай, концерт беріп, дизайнермен ремонт жасап, жиһазын алып берген үй ғой. Кішкене көрсін. Қайраттың бала-шағасы үйсіз қалмайды. Жұлдыз да үйсіз қалмайды. Бірақ арасына уақыт керек. Үй алу оңай емес. Ол да қымбат үй болды. Мен үйімнен айырылып қалсам, ертең барып ала салатын оңай дүние емес. Оның артында Қайраттың еңбегі тұр. Қайрат та адам. Сол үшін артық сөздің керегі жоқ", - деді Гүлзира Айдарбекова.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 6 жастағы қыздың асқазанынан бір келі шаш шықты