Алматы әуежайында халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Almaty.tv
Almaty.tv

33 жастағы ер кісі Түркия және Сербия елдерінің азаматы болып шықты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әуежайында есірткі тасымалына қатысты халықаралық іздеуге салынған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ішкі істер министірлігінің мәліметіне сәйкес, психотроптық заттар контарбандасымен айналысқан 33 жастағы ер кісі Түркия және Сербия елдерінің азаматы болып шықты. Тергеу деректеріне бойынша, күдікті 2021 жылы қылмыстық топ құрамында болып, теңіз арқылы Стамбулға “кокаин” есірткісінің тасымалын ұйымдастырған. Шекара аспақ болған күдікті  жергілікті құқық қорғау органдарының жедел әрекетінің арқасында Алматы әуежайында қолға түсті. Қазір оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда бірнеше көше уақытша жабылады

 

 

Новости партнеров