"Дикий Арман" өзіне қол салмақ болған ба: ҚАЖК мәлімдеме жасады

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Оған мекеменің психологтары көмек көрсетіп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Желіде "Дикий Арман" лақап атымен белгілі Арман Жұмагелдиев "түрмедегі душта тамырын кеспек болғаны" туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған ақпаратқа қатысты ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті пікір білдіріп, Жұмагелдиевтің өзіне жеңіл жарақаттар салғанын растады.

"Сотталған адам өзіне жеңіл дене жарақатын келтірген. Дереу медициналық көмек көрсетілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Сотталған адаммен мекеменің психологтары профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Оқиғаға қатысты қызметтік тергеу тағайындалды", - деп жауап берді портал cауалына ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 27 қаңтарда сот Арман Жұмагелдиевке 2022 жылғы қаңтар оқиғалары бойынша үкім шығарды.

Сот үкімі бойынша, Жұмагелдиев ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау, бандитизм, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, адам ұрлау және заңсыз бостандығынан айыру қылмыстары бойынша кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқи отырыңыз: Жасөспірімге тиіскен бе: әнші Алмас Кішкенбаевтың полицияға жеткізілгені туралы ақпарат тарады

Новости партнеров