Будапештте шығармашылық сапарда жүрген әнші жанкүйерлеріне бейне үндеу жазды
30 қаңтарда Будапештте шығармашылық сапарда жүрген Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне бейне үндеу жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Құрметті достар, менің сүйіктілерім Dears! Бүгін 30 қаңтар – біздің ортақ мерекеміз. 2017 жылғы сол бір есте қаларлық күннен бастап, сіздерге алғаш рет осылай Dears деп атағаныма бүгін 8 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде біз концерттік турларыммен Қазақстаннан бастап Азия, Америка, Еуропаға дейінгі көптеген қалалар мен елдерді араладық… Сіздердің ерекше ықыластарыңыз бен қолдауларыңыз үшін, менің шығармашылығыма қызығушылық танытып, маған сенім артқандарыңыз үшін сіздерге айтар алғысым шексіз! - деді Димаш Құдайберген.
Димаш Құдайберген жақында жаңа туындысы жарыққа шығатынын мәлімдеді.
"Бүгінгі туған күнімізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерді жаңа концерттер мен қойылымдарда асыға күтемін. Ал бүгін осы мерекеге орай жаңа әніміздің премьерасын жасамақпыз.7 наурызда әлемге әйгілі композитор және продюсер Вальтер Афанасьевтің жетекшілігімен халықаралық авторлар ұжымы жасаған туындыны жарыққа шығарамыз. Бұл «Love’s not over yet» әні. Сіздерге ұнайды деген үміттемін!" - деді әнші.