Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді

09.04.2025 18:30

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті

Dimash Qudaibergen instagram

Димаш Құдайбергеннің орындауындағы ән ең көп тыңдалған 100 композицияның қатарына енді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Әлемнің түкпір-түкпірінен 120 миллионнан астам трекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін франциялық Deezer музыкалық ағынды платформасында «Love’s Not Over Yet» Мажарстандағы ең көп тыңдалған 100 әннің қатарына енді", - делінген жазбада. 

Айта кетейік, өнер иесінің репертуарындағы «Love’s Not Over Yet» әні осыдан 1 ай бұрын ғана жарық көрген еді. 

Оқи отырыңыз: Білезігін сыйға тартты: Димаш Құдайберген ақтаулық жанкүйерімен арнайы кездесті