Дүниежүзілік гемофилия күні: елімізде қанша адам тұқым қуалайтын дертке шалдыққан

17.04.2025 16:57

Гемофилия – қан ұю функциясының бұзылуымен сипатталатын ауру

ЖИ көмегімен жасалған

Алматыда Дүниежүзілік гемофилия күніне арналған баспасөз конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Іс-шарада сирек кездесетін аурудың ерекшеліктері мен заманауи емдеу тәсілдері талқыланды. Гемофилия – қан ұю функциясының бұзылуымен сипатталатын тұқым қуалайтын дерт. Бүгінде ел бойынша 1559 адамға осы диагноз қойылған. Оның 678-і – балалар. Мамандар дер кезінде дұрыс ем жүргізілсе, науқастардың өмір сүру сапасын арттыруға болатынын айтады.

 « Гемофилия — тұқым қуалайтын ауру. Бұл диагноз, әдетте, балалық шақта анықталады. Сондықтан ауру белгілері байқалған сәттен бастап дұрыс емдеу тактикасын таңдау және оның тиімділігін тұрақты бақылап отыру өте маңызды. Профилактикалық ем қабылдайтын науқастар жылына кемінде төрт рет гематологтың тексеруінен өтуі тиіс. Біздің басты мақсатымыз — гемофилиямен ауыратындардың өмір сапасын жақсарту», – деді №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасы бөлімінің меңгерушісі Ұлжалғас Өскенбаева.

Оқи отырыңыз: Теміртауда фельдшерді аяусыз соққыға жыққан әріптесі ұсталды