Жолды 2025 жылғы 12 сәуір сағат 12:00-де ашу жоспарланған
ҚазАвто жол көлік қозғалысын шектеу туралы шұғыл ақпарат жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
11 сәуір сағат 08:30-де жол жамылғысының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды:
Солтүстік Қазақстан облысы:
«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шек.» автожолының 729-768 шақырым аралығындағы учаскесі (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін).
Қостанай облысы:
«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шек.» автожолының 686-729 шақырым аралығындағы учаскесі (Сарыкөл ауылынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін).
Жолды 2025 жылғы 12 сәуір сағат 12:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Оқи отырыңыз: Алматыда 120 төсек-орындық жаңа жатақхана ашылды