Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау инфрақұрылымын жаңғырту биыл толығымен аяқталады. Қоқыс таситын көліктер санын арттыру жоспарланған. Ал жастардың тазалық мәдениетін қалыптастыруда комюньити орталықтарының атқарған жұмысы аз емес. Олар "Таза Қазақстан" науқаны аясында "Экорейнджерлер" қозғалысын құрып, еріктілердің көмегімен бір тоннаға жуық бөтелке қақпағын жинаған. Биыл жастар орталығының қандай жоспары бар? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Жетісу аудандық Комьюнити орталығының жетекшісі Әкежан Кеңесов жауап береді.
Толығырақ бейнематериалдан көре аласыз.