Биыл елімізде 42 мыңнан астам азамат мерзімді әскери қызметін өтемек. Наурызда басталған көктемгі шақыру науқаны маусымға дейін жалғасады. Ал күзгі науқан қыркүйек – желтоқсан айларының аралығында өтеді. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, биыл әскерге шақыртулар SMS-хабарлама арқылы жіберіледі. Сонымен қатар медициналық тексеруден толық өткендерге бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер ұсынылады. Толығырақ «Алматы» телеарнасының студия қонағы Астана қаласы Әскерге шақыру комиссиясының мүшесі Ғани Артықовтан білсек.
– Ғани Асылбекұлы, көктемгі әскерге шақыру науқаны қалай жүріп жатыр?
«2025 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны наурыздан бастап маусымның аяғына дейін жалғасатын болады. Төрт айдың көлемінде қарулы күштер, басқа да әскери құрылымдар қатарына 21 мың азаматты әскерге шақырамыз. 2025 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде жасы 18 бенен 27 жас арасындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға құқығы жоқ немесе одан босатуға құқығы жоқ азаматтарымызды әскерге шақыру комиссиясынан өткізіп, әскери қызметін атқаратын жеріне жөнелтіп отырамыз.
Наурызда шекара қызметі әскери бөлімдері жас сарбаздармен жасақталып болды, қазіргі таңда сарбаздар қарулы күштердің әскери бөлімдеріне жіберіліп жатыр. Ал мамыр айының басынан бастап маусым айының аяғына дейін Ұлттық ұланның сабы толығымен толықтырылады.
Биылғы әскерге шақыру науқанындағы тағыда бір өзгеріске келетін болсақ, 1414 смс арқылы әскерге шақыру комиссиясына келуін хабарладық. Азаматтар студент болса, электронды түрде eGov.kz порталы арқылы әскерге шақыру комиссиясының мүшелеріне оқып жатқандығы туралы құжатын жолдап, әскерге шақыру кейінге қалдыру мүмкіндігін ала алады.
Сондай-ақ биылғы науқанның өзгерістерінің бірі – ЖОО-да тегін оқуға грант алу мүмкіндігі қарастырылған. Еліміздің 80-нен астам оқу орны іс шараға қатысып, жоба бойынша сарбаздарға грант бөледі».
– Әскерге барудан жалтарғандар үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?
«Қолданыстағы заңнамаға байланысты әскерге шақыру комиссиясынан жарамды деп танылып, бірақ әскери қызмет атқарудан жарталған азаматтар болса, оларға 1 жылдан 3 дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Болмаса 1000 айлық көрсеткіштен 3000 мың айлық көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін. Бұл заңмен бекітілген. Сондай-ақ әскерге шақыру медициналық комиссиясының өтуден жалтарған азаматтар болса, одан, айыппұл салынады».
Оқи отырыңыз: Қызметтік борышын өтеу кезінде көз жұмған полицейлер мен әскерилердің отбасына өтемақы төленуі мүмкін