Елімізде бензин мен дизель отынының бағасын енді мемлекет реттемейді

Almaty.tv
Almaty.tv

Жаңа бұйрық күшіне енді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бензин мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу ресми түрде жойылды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қол қойған жаңа бұйрық күшіне енді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомство басшысы мемлекеттік реттеуді алып тастаудың бірнеше себебін атады. Ол – инфрақұрылымды жаңғырту, елде мұнай өндіру үшін қолайлы жағдай жасау, ішкі нарықты қамтамасыз ету, әрі жаңа жұмыс орындарын құру. Сондай-ақ мұнай өңдеу бағытындағы жаңа өндіріс орындарын дамыту. Енді бағаны нарық реттейді. Ал ел билігі мұнай өнімдері бағасының күрт шарықтауына жол бермейді. Энергетика министрі қажет болған жағдайда монополияға қарсы ұйымның тексеріс жүргізетінін айтты.

Оқи отырыңыз: Сақ болыңыз: жүргізушілер айыппұлды неше күнде төлей алады

Новости партнеров