Елімізде екі жылда 80 ауыл картадан жоғалған

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қазақстанда бүгінде елімізде 6 208 ауыл бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәжілісте шекаралық елді мекендердің мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бірінші болып баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев дөңгелек үстелген қатысушыларға ауыл халқының жылдан жылға азайып бара жатқанына назар аударуды сұрады.

— Бүгінгі күнде елімізде 6 208 ауыл бар, ал 2023 жылы 6 286 ауыл болды. Сонда тек 2 жылдың ішінде 80 ауыл жойылды. Күні кеше ғана Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөзінде: ауылдық аймақтарды жан-жақты дамытуға арналған мемлекеттік қолдау шараларының бәрін бір бағдарламаға біріктіру қажеттігін баса айтқаны баршаңызға мәлім. Сондықтан осы мәселені талқылап, ауылдарды соның ішінде шекара маңындағы ауылдарды дамыту бойынша нақты шешімдерге келген жөн, — деді ол.

Ал Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша, кейінгі он жылда Қазақстан картасынан 572 ауыл жойылған. 

Оқи отырыңыз: Жамбылдық студент төтенше жағдайларды өзі жасаған дронмен бақыламақ

Новости партнеров