Елімізде қандай инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды

27.01.2025 13:38

Алматы облысындағы 6 шақырымға созылған Шамалған станциясындағы теміржол өткелі көліктердің қауіпсіз өтуіне мүмкіндік береді

Almaty.tv

2024 жылғы құрылыс маусымының қорытындысы бойынша Балқаш, Алакөл, Бөкей-Орда, Алтай, Баянауыл ұлттық паркі және т.б. туристік орындарға дейін көлік қозғалысы ашылды. Ал биыл 3 ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі Көлік министрлігі баспасөз қызметіне сілтема жасап.

Олардың қатарында Орталық Азиядағы ең ұзын деп танылған  ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір, Түркістан облысындағы Шақпақ баба асуындағы қос жолды тоннел және Алматы облысындағы Шамалған станциясындағы теміржол өткелі бар.

ШҚО-дағы ұзындығы 1316 метрді құрайтын Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір жеті ауданды байланыстырады. Көпірден көлікпен 4 минутта өтуге болады. Ал Түркістан облысындағы Шақпақ баба асуы арқылы тоннелдің ұзындығы 840 метр. Ол қолайсыз ауа райына қарамастан үздіксіз әрі қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз етеді. Жоба «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігі.

Алматы облысындағы 6 шақырымға созылған Шамалған станциясындағы теміржол өткелі көліктердің қауіпсіз өтуіне мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда республикалық маңызы бар 4,7 мың шақырым жол салынады