Елімізде әлеуметтік жәрдемақы мен төлемнің 41 түрі төленіп жатыр

Биыл 1-қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен зейнетақының базалық мөлшері 6,5 пайызға өсті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл 1-қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен зейнетақының базалық мөлшері 6,5 пайызға өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ең төменгі зейнетақы мөлшері күнкөріс деңгейінің 70 пайызына теңеліп, 32 мың 360 теңгені құрап отыр. Биыл барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындауды уақытылы қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 5 трлн 982 млдр тенге қарастырылған. Оның ішінде 4 трлн 262 млрд теңге зейнетақымен қамтамасыз етуге бөлінген. Бұл шамамен 2,5 млн зейнеткерді әлеуметтік төлеммен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.

"ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан еліміздің әлеуметтік еңбек саласын дамыту шеңберінде Президенттің және Үкіметтің қойған міндеттемелерін уақытылы және жауапкершілікпен іске асырып келе жатқандығы бәріңізге мәлім деп ойлаймын. Республикалық бюджет тарапынан базалық және ынтымақты зейнетақыны қоса алғанда әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдердің 41 түрі төленіп жатыр", – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алматы қаласы бойынша департамент басшысы Асқар Ниязов . 

Бала күтімі мен жаңа туған сәбиге берілетін жәрдемақы көлемі де артқан. Сәби дүниеге келгендегі бір жолғы төлем 140 мыңнан 149 мың теңгеге өскен, ал, көпбалалы отбасыларға арналған әлеуметтік көмек сомасы 63 мың 30 теңгеге ұлғайыпты. Бұдан басқа, мүгедектігі бар азаматтарға берілетін төлем де өзгерген.

"2024 жылдың қорытындысына сәйкес, 140 мыңға тарта азаматтардың өтініштері қаралды. Оның ішінде 131 мыңға жуығы бұл зейнетақы тағайындау мен жәрдемақы тағайындау мәселесіне қатысты болса, 198 өтінім бұл мүгедектігін анықтау бойынша түскен", – деді  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алматы қаласы бойынша департамент басшысы Асқар Ниязов.

Оқи отырыңыз: Алматыда "батыр" бала өмірге келді

 

Новости партнеров