Еліміздегі ем-шара кабинеттерінде дәрілік заттар дұрыс сақталмаған

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жоспардан тыс тексерулер жүргізген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде соңғы бір жылда процедуралық кабинеттердің жұмысына көңілі толмаған азаматтардан 7 арыз-шағым түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жоспардан тыс тексерулер жүргізген. Нәтижесінде Шымкент қаласы мен Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Түркістан облыстарындағы емдеу бөлмелерінде заң бұзылғаны анықталған. Олардың ішінде 4 мекеме лицензиясыз жұмыс істесе, үшеуінде мамандардың сертификаты болмаған. Ал  2 ем-шара кабинетінде дәрілік заттар дұрыс сақталмаған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, оларға жалпы сомасы 1 миллион теңге айыппұл тағайындалған.

 «Әрбір процедуралық кабинетте міндетті түрде емдеу бөлмесі туралы ақпарат ілініп тұруы тиіс. Науқас ем-дом қабылдамас бұрын мәліметпен мұқият танысып алуы керек. – деді ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті басқармасының басшысы Арман Құдабаев.

Оқи отырыңыз:  Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді

Новости партнеров