Елордада ер адамды атып кетті

28.02.2025 12:57
Max Kleinen /unsplash.com/

Екі таныс адамның арасында кикілжің туындап, бірі екіншісін атып тастаған. Оқыс оқиғаны қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Адам өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды және қаруы тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, таныс адамдар арасында жанжал болған. Кейін бірі екіншісінің басына оқ атқан", - делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүріп жатыр. 

"Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. Азаматтарды тек ресми дерек көзіне сенуге шақырамыз", - деп ескертеді елорданың полиция қызметі.

 Оқи отырыңыз: ҰҚК қазақстандықты ұстады