Тілсіз жау салдарынан зардап шеккендер жоқ, қазір өрттің себебі анықталып жатыр
Таңертең елорданың Сарыарқа ауданы Бұланты көшесіндегі жатақхананың алты қабатынан өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрт жатақхананың 6-қабатынан шыққаны анықталды. Өрт сөндірушілер келгенде қабат толығымен отқа оранған еді. Дереу газ-түтіннен қорғау қызметі құрылып, барлау жұмыстары басталды. Төтенше жағдай күштерімен суды үздіксіз жеткізу қамтамасыз етілді", - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Барлығы 540 адам болған, құтқарушылардың күшімен 50 адам (оның ішінде 7 бала бар) эвакуацияланды.
"1600 шаршы метр алаңды шарпыған өрт толық сөндірілді. Оқиға орнында өртті зерттеу сынақ зертханасының және Төтенше жағдайлар департаментінің анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - делінген жедел хабарда.
Тілсіз жау салдарынан зардап шеккендер жоқ, қазір өрттің себебі анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз: Мұнай бағасы антирекордтарды жаңартып жатыр