Қазір зертханалық сынақ нәтижелері әзірленіп жатыр
Астанадағы танымал мейрамханалардың бірінде 16 адам тамақтан уланды, деп хабарлайды Almaty.tv
Астан ұшынған 9 адам қалалық инфекциялық орталыққа жатқызылып, біреуі амбулаториялық ем алуға жіберілді. Ал 6 бала №3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына түскен. Уланғандардың бәрінен жедел ішек инфекциясы мен гастроэнтерит белгілері анықталған. Дәрігерлер науқастардың жағдайы орташа ауыр деп бағалап отыр. Қазір олар бақылауда. Ал полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын және оқиғаның себебі анықталып жатқанын жеткізді.
«Біздің қабылдау диагностикалық бөліміне Астана қаласының №3 балалар ауруханасына 14 сәуірден бастап балалар түсе бастады. Ең бірінші бала 14 сәуірде, одан кейінгілері 16 сәуірде түсті. Олардың шағымдары негізінен құсу, іш өтуі, дене қызуының жоғарлауы болды», – деді № 3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Асылзат Байгунова.
Оқи отырыңыз: Ақтауда түнгі клуб жанында ер адамды пышақтап кетті