2025 жылдың 27 сәуірінен бастап емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері өзгерістер мен толықтырулармен жұмыс істейтін болады. Басты жаңалық кәмелетке толмағандарды емдеуге қатысты болмақ, деп хабарлайды Almaty.tv «Отбасы банктің» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Енді ата-аналар біржолғы зейнетақы төлемдерін өз емінің ақысын төлеуге ғана емес, кәмелетке толмаған балаларды емдеуге де қолдана алады.
Сондай-ақ стоматологиялық қызметтерге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібі де өзгереді.
Оқи отырыңыз: "Біржан Сара ізімен": айтысқа қатысушылар көрерменді несімен тәнті етті
Ескерілетін негізгі жайттар:
- Енді азаматтар бұрынғыдай дәрігерлік комиссияның емес, тіркелген жері бойынша емханада дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын алуы қажет болады.
- Стоматологиялық клиникамен жасалған шарт міндетті түрде бекітілген формаға сәйкес келуі тиіс.
- Сондай-ақ стоматологиялық клиникамен жасалған шартқа соманы көрсете отырып, екі кезеңнен тұратын емдеу жоспары қоса берілуі тиіс. Бірінші кезең – барлық шығын материалдарын ескере отырып, хирургиялық (имплантация, сүйек салу операциялары, синус көтеру және т.б.). Екінші кезең - ортопедиялық, ол импланттардағы конструкцияны қамтиды. БЗТ көмегімен төлем хирургиялық емдеуге дейінгі бірінші кезеңде және ортопедиялық емдеуге дейінгі екінші кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші және екінші кезеңде де ДКК үшін тістердің суретін түсіру керек және кейіннен enpf-otbasy.kz платформасына жүктеу үшін әр кезеңге екі рет ДКК қорытындысын алу қажет болады.
- Имплантациясыз стоматологиялық қызметтерді көрсету кезінде, яғни алынбалы және алынбайтын протездермен протездеу жүргізілгенде, БЗТ көмегімен төлем екі кезеңде - протездеу басталғанға дейін және алынбалы немесе алынбайтын протездерді орнатпас бұрын жүргізіледі.
Бірінші және екінші кезеңде де ДКК үшін тістердің суретін түсіру және платформада ДКК қорытындысының өзін жүктеу қажет болады enpf-otbasy.kz.
Бұл шаралар зейнетақы жинақтарынан шығындар ашықтығын, қауіпсіздігін және негізділігін арттыру үшін енгізіледі.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтарға генетикалық диагностиканың қандай түрлері қолжетімді