Енді дарынды оқушылар "Болашақ" бағдарламасымен шетелде оқи алады

Сенат депутаттары білімді балаларды қолдауға арналған заңды мақұлдады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Енді дарынды оқушылар "Болашақ" бағдарламасымен шетелде оқи алады. Сенат депутаттары білімді балаларды қолдауға арналған заңды мақұлдады. Құжатта көрсетілгендей, бұдан былай халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздарына бакалавриатта оқуға мүмкіндік беріледі. Одан бөлек, бағдарлама түлектері еңбек өтілімін Біріккен Ұлттар Ұйымы, ЮНЕСКО сынды еліміз мүшелік ететін халықаралық ұйымдарда өтей алады. Бағдарлама шарттары туралы толық ақпаратты АlmatyTV студиясында Ғылым және жоғары білім министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Мейірбек ІЗБАСАР айтып берді.

- Мейірбек Серікұлы, "Болашақ" стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қалай жүреді?  

- Соңғы енгізілген өзгерістерге сәйкес, "Болашақ" халықаралық степендиясын тағайындау үшін конкурстың іріктеу конкурсының жаңа тетігі айқындалды. Яғни, жаңа тетіктің ішінде шекті балды анықтай отырып, конкурстың бағалау жүйесі енгізіліп отыр. Демек, келесі турға үміткер өтуі үшін арнайы бекітілген шекті балды алу арқылы ғана конкурстың келесі турына жіберілетін болады. Сонымен қатар бұрын мәселен, конкурсқа қатысудан немесе степендия тағайындаудан бас тартылған, шешім қабылданған және жыл бойы конкурсқа қатыса алмаған үміткерлерге қатысты шектеу болатын. Сол шектеу алынып тасталды. Яғни, енді степиндиатқа конкурсқа қатысудан бас тарту туралы шешім қабылданатын болса, ол келесі лекке, яғни жыл бойы конкурсқа қатысуға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар міндетті құжаттарды тапсыру тізіміне уәждемелік хатпен толықтырылды. Яғни, негіздемелік 500 сөз құрайтын эссе құжатын ұсынуға міндетті болады. Сонымен қатар академиялық оқуды аяқтаған түлектер әкімшіге, яғни халықаралық бағдарламалар орталығына еңбектерін немесе диссертациясын, мақалаларын, соңғы жұмыстарын тапсыруға міндетті. Сол еңбектердің пулын қажетті экономикалық секторларда қалыптастыру үшін жасалып отыр.

- Түлектердің халықаралық ұйымдарда еңбек өтілімінен өтуі қаншалықты тиімді?  

- Бұрынғы ережеде тек халықаралық ұйымдарда тағылымдамадан өтуге, ал дипломатиялық қызметшілерге сол жақта еңбек өтілін өтеуге құқық берілген болатын. Енді жаңадан енгізілген өзгерістерге сәйкес, барлық азамат үшін маңызды шарт – Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек. Және Бірікккен ұлттар ұйымы, ЮНЕСКО, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Еуразиялық экономикалық одақ сияқты халықаралық ұйымдарда Қазақстанның мүддесі үшін қызмет атқару басты шарт саналады.

Оқи отырыңыз: "Таза Қазақстан": Алматыда қарды экологиялық еріту технологиясын студенттер оқу үстінде

Новости партнеров