Есікті теуіп, сындырған: Атырауда екі әйел сот мүлкіне зиян келтіргені үшін жазаланды

13.03.2025 14:19

Іс материалдары олардың кінәсін дәлелдеді

Almaty.tv

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында сот залының мүлкін қасақана бүлдірді деп айыпталған азаматшалар М. және Н.-ға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сотта анықталғандай, сот процесі кезінде азаматша М. сот отырысы залында тұрған компьютердің мониторын және 3 микрофонды қолымен қағып бүлдірген. Ал азаматша Н. сот отырысы залының есігін аяғымен текіп, сындырған.

Іс материалдары олардың кінәсін дәлелдеді. Нәтижесінде, оларға әкімшілік айыппұл салынды.

Соттың қаулылары заңды күшіне енді.

Дереккөз: azh.kz

Оқи отырыңыз: 5 жыл бойы қашып жүрген: адам ағзасын саудалады деген әйел Польшада ұсталды