Сотта әнші оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін айтқан
Қазақстандық белгілі әнші Алмас Кішкінбаев15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық түрде Алмас Кішкенбаевқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
Сотта А.Кішкенбаевтың мас күйде ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзатын жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiскені анықталды.
Ал сотта әнші оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін айтқан.
434-баптың 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 күннен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті қарастырады. Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ Сонымен қатар, жауаптылықты ауырлататын мән-жай мас күйінде құқық бұзушылық жасау болып анықталды.
" Жоғарыда айтылғандардың негізінде Алмас Кішкенбаевқа ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды", – делінген ақпаратта.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз: Маңғыстауда балалар астан ұшынып, ауруханаға түсті