Эвакуациялық пункттер дайындалды: СҚО-да бірнеше ауылға су басу қаупі төніп тұр

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Төртінші күннен бері су тасқынына қарсы шаралар үздіксіз жүргізіліп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Қызылжар ауданының Тепличное, Заречное, Ольшанка және Большая Малышка ауылдарындағы Есіл өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында Қорғаныс білігін нығайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, барлығы 1087 адам, 126 бірлік ТЖМ техникасы, ПД, ЖАО және ТЖМ Әскери бөлімдері жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: "Біржан Сара ізімен": айтысқа қатысушылар көрерменді несімен тәнті етті

Тәулігіне 4 000 дана, барлығы 110 980 дана қапшық дайындалып, төселді.

«Заречное ауылында тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында су айдау жұмыстары жүргізілуде, онда тәулігіне 1500, барлығы 79 200 текше метр су сорылды. 

Сонымен қатар Қызылжар ауданы Вагулино және Соколовка ауылдарындағы су тасқынына қарсы ахуалға мониторинг жүргізу жұмыстары жүргізілуде», - делін.ген, хабарламада.

Сондай-ақ эвакуациялық пункттер дайындалды. Жағдай бақылауға алынды.

Еске салайық, Тепличное ауылында су тасқынына қарсы шаралар төртінші күннен бері үзіліссіз, тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: СҚО-да бірнеше ауылда су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр

Новости партнеров