Қазір күдікті Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамауға алынған
"Субсидия алуға көмектесемін" деп 88 тұрғынның 30 миллион теңгеден астам қаржатын алып, қашып кеткен күдікті елге экстрадицияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бас прокуратураның мәліметінше, бірнеше рет алаяқтық жасаған күдіктінің 2024 жылы Грузия аумағында жүргені анықталған. Содан кейін Қазақстан тарапы сұрау салған. Қазір ол Ақтаудағы тергеу изоляторында отыр.
Айта кетейік, 2020 жылы күдікті екі сыбайласымен бірге Ұлытау облысының тұрғындарына заңсыз жолмен "мемлекеттен көмек алып береміз" деп тақырға отырғызған. Жанындағы серіктері әр түрлі жазаға тартылған, ал басты күдікті қылмыс жасағаннан кейін ізін суытып үлгерген
"Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бас прокуратура азаматтарды алаяқтардың құрбаны болудан сақ болуға шақырады. Өзіңізді және жақындарыңызды қаржылық шығындардан қорғаңыз," – деді ҚР Бас прокуратурасының өкілі Әсел Беркалиева.
Оқи отырыңыз: Ыдыс жууға ерінген: балаларды бір қасықпен тамақтандырған тәрбиеші жұмыстан бостылды