Импорт тежеле ме: Қазақстанда отандық тауар өндірушілердің тізілімі жасалады

Мәжілісте тиісті заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шетелде өндірілген тауарды "Қазақстанда жасалған" деп сататындарға тосқауыл қойылады. Мәжілісте тиісті заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Құжатқа сай, елімізде отандық тауар өндірушілердің тізілімі жасалады. Ал қолданыстағы СТ-KZ, индустриялық және экспорттық тауар шығу сертификаттары 2026 жылға дейін жарамды болады.

Тиісті өзгеріс импортты тежеп, өңдеу өнеркәсібінде отандық өнім үлесін арттыру мақсатында жасалған екен. Тізілімде Қазақстанда өндірілетін тауарлар, оларды өндірушілер, қызмет түрлері, жұмысшылар саны мен өндіріс көлемі туралы толық ақпарат болады.

"Қазіргі уақытта сертификаттау процесі едәуір уақыт алады және қаржы шығынын талап етеді. Бұл шағын және орта бизнес үшін қиындық тудырады. Ол сертификаттар ақылы әрі сарапшылардың қорытындысы негізінде беріледі. Ал қазіргі ұсынылып отырған тізілімге кәсіпорындар ақысыз енгізіледі және оған қосылу мерзімі бойынша шектеулер болмайды. Бұл бизнес үшін уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда үш жаңа әуежайдың құрылысы басталды

Новости партнеров