«Құқықбұзушылыққа қолайсыз отбасында өскен жасөспірімдер жақын болып келеді». Құзырлы орган өкілдері осылай дейді. Мәселен, Алматының Түрксіб ауданының өзінде-ақ бұл тізімде 58 жанұя бар екен. Жасөспірімдер жиі жасайтын құқықбұзушылықтар қандай? Олардың алдын алу үшін шаһарда қандай іс-шаралар атқарылып жатыр? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Түрксіб аудандық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Бекзат Әбубәкірова жауап береді.
– Бекзат Бегайдарқызы, жасөспірімдер жиі баратын құқықбұзушылықтар қандай? Көрсеткіштер туралы не айтасыз?
«Түрксіб ауданында жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың бірі – ұрлық, тонау. Жыл басынан сәуір айына дейін Түрксіб ауданында кәмелетке толмағандардың арасында 8 қылмыс тіркелді. Оның арасында ұрлықтың 4 фактісі тіркелді және 4 факт тонау тіркелді. Статистика бойынша көп қылмыс жасайтын балалар қолайсыз отбасында өседі. Түрксіб ауданында есепте 58 кәмелетке толмаған бала тұрады, 59 қолайсыз отбасы тіркелегн. Олармен арнайы жеке жұмыс жүргізіледі. Әр отбасыға, әр балаға жеке өзінің инспекторы болады».
– Жағдайдың алдын алу үшін қандай іс-шаралар жүргізіледі?
«Жасөспірім» республикалық іс-шара жүріп жатыр. Ол 10 сәуірден 6 мамырға дейін жүргізіледі. Біріншіде, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз жүруіне тыйым салынған. Әр сенбі, жексенбіде рейд түрінде ювеналдық полиция қазметкерлері көшелерге шығып, қараусыз балаларды анықтайды. Бірінші рет ұсталған балаларға, түнгі уақытта ата-аналарынсыз жүргені үшін ескерту ретінде әкімшілік хаттама толтырылады. Егер бір жылдың ішінде екі рет қайталанса, ата-анасына, заңды өкілдеріне айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартамыз. Түрксіб ауданында 28 мектеп бар, солардың ішінде әрдайым балалармен профилактикалық әңгімелер жүргізіледі. Құқық бұзбау бойынша және әкімшілік кодекстерімен таныстырамыз. Мақсатымыз – кәмелет жасына толмаған балаларды заңмен таныстыру, қылмыстардың алдын алу».
Оқи отырыңыз: Заң мен тәртіп: оқушылар уақытша ұстау изоляторын аралап көрді