Қаңтар оқиғасы: "Дикий Арман" 20 жылға сотталды

сгенерировано ИИ
сгенерировано ИИ

Экс-депутат Қайрат Құдайберген мен Руслан Ысқақов та бас бостандығынан айырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев 20 жылға сотталды. Ол Қаңтар оқиғасы кезінде 24 адамды ұрлап әкетіп, жәбірленушілерді қонақүйлердің автотұрақтарында азаптады деп айыпталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысты деген күдікпен ұсталған экс-депутат Қайрат Құдайберген 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкім кескендердің ішінде ҰҚК қарасты бесінші департаменттің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов та бар. Ол 15 жыл 6 айға сотталып, мемлекеттік наградаларынан айырылды.

Айта кетейік, аталған іс бойынша сот тыңдаулары 2023 жылы қазанда басталған. Процесс толығымен жабық режимде өтті.

Оқи отырыңыз: Алакөлде былтыр апатқа ұшыраған жеңіл ұшақ тәркіленді

Новости партнеров