Қайтарылған активтер есебінен Жетісуда жаңа мектеп салынады

primeminister.kz
primeminister.kz

Қазіргі уақытта елдімекенде бір мектеп жұмыс істейді, онда екі ауысымда 53 бала оқиды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысының қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет Арнайы мемлекеттік қордан облыстың Кербұлақ ауданы Көксай ауылында жаңа мектеп құрылысы басталмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта елдімекенде бір мектеп жұмыс істейді, онда екі ауысымда 53 бала оқиды. Бұл ретте оқу орнында спорт және акт залдары, асхана жоқ, пәндік кабинеттер жетіспейді. Жаңа мектеп 60 орынға арналған. Ғимарат заманауи білім беру стандарттарына сәйкес жабдықталған. Нысанның құрылысы білім берудің қолжетімділігі мәселесін және мектепте орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді: қазір ауылда 7 жасқа дейінгі 28 тұрғын бар.

Бүгінгі таңда Үкімет арнайы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандар салуға 58 млрд теңге бөлді. Атап айтқанда, 5 мектеп, оның ішінде бір музыкалық, 2 спорт кешені, көпфункционалды аурухана кешені, жатақхана, 2 балабақша және жедел медициналық жәрдем стансасы бар. "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң субъектілерінің қаражаты есебінен Арқалық, Астана, Алматы қалаларында бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысанының құрылысы жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: Ақмолада ер адам көлік айдап келе жатып инсульт алды

Новости партнеров