1 мамырда қазақстандықтар қалай демалады

25.04.2025 09:43

Көктемнің соңғы айы мерекеден басталады

Almaty.tv

2025 жылдың мамыр айында қазақстандықтар 12 күн демалады, деп хабарлайды Almaty.tv.

1 мамырда атап өтілетін Қазақстан халқының бірлігі күні апта ортасына, яғни бейсенбіге келеді.

Осылайша, ел азаматтары:

  • бес күндік жұмыс аптасы бойынша: 1 мамырда демалады, 2 мамырда жұмыс істейді, 3-4 мамырда демалады.
  • алты күндік жұмыс аптасы бойынша: 1 мамырда демалады, 2-3 мамырда жұмыс істейді, 4 мамыр - демалыс күні.

Оқи отырыңыз: "Біржан Сара ізімен": айтысқа қатысушылар көрерменді несімен тәнті етті

Дегенмен мамырда кәсіби және басқа мерекелер аталып өтеді. Жұмыс күндеріне қарамастан, ол мерекелерді қатысы бар кәсіп иелері атап өтеді.  

Кәсіби мерекелердің тізімі ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығының редакциясында жарияланған және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енген.

  • 17 мамыр – Байланыс қызметкерлері күні;
  • 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні;
  • 25 мамыр (мамыр айының соңғы жексенбісі) – Химиялық өнеркәсіп қызметкерлері күні.

БҰҰ КҮНТІЗБЕСІ

  • 2 мамыр – Дүниежүзілік тунец күні;
  • 3 мамыр – Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні;
  • 4 мамыр – Білім беру ұйымдарындағы буллингке және қысым жасауға қарсы күрес күні;
  • 5 мамыр – Дүниежүзілік акушерлер күні;
  • 8 мамыр – Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу және татуласу күні;
  • 9 мамыр – Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу және татуласудың екінші күні;
  • 10 мамыр – Халықаралық арган күні (аргания ағашы) ;
  • 11 мамыр – Дүниежүзілік жыл құстары күні;
  • 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні;
  • 16 мамыр – Халықаралық бейбітшілікте бірге өмір сүру күні; Халықаралық жарық күні;
  • 17 мамыр – Дүниежүзілік ақпараттық қоғам күні;
  • 20 мамыр – Дүниежүзілік ара күні;
  • 21 мамыр – Дүниежүзілік диалог пен даму үшін мәдени алуантүрлілік күні; Халықаралық шай күні;
  • 22 мамыр – Весак күні (Будданың туған күні); Халықаралық биологиялық алуантүрлілік күні;
  • 25 мамырдан бастап – өзін-өзі басқармайтын аумақ халықтарымен ынтымақтастық апталығы;
  • 29 мамыр – БҰҰ бітімгершілік күштерінің халықаралық күні;
  • 31 мамыр – Дүниежүзілік темекісіз күні.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда мүлік салығынан кімдер босатылады