Қар құрсауында қалаған 250-ден астам адам құтқарылды

ТЖМ ресми телеграм каналы
ТЖМ ресми телеграм каналы

Қазақстан ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға шақырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бір аптада қар құрсауынан 250-ден астам адам құтқарылды және эвакуацияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2025 жылғы 1-7 ақпан аралығында ауа райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ 253 адамды, оның ішінде 34 баланы құтқарып, эвакуациялады, сондай-ақ 70 автомашинаны қар құрсауынан шығарды.

Осы уақыт аралығында 336 авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізілді.
Қазақстан ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауыл тұрғындарына ауа райының нашарлауы жағдайында ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады.

Оқи отырыңыз: Есірткі сатқан күдікті ұсталды

Новости партнеров