Атышулы іс бойынша 22 адам күдікті деп танылған
Психикалық науқастарды өлтіріп, пәтерін сатқандарға қатысты сот шешім шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атышулы іс бойынша 22 адам күдікті деп танылған. Олардың қатарында учаскелік полицейлер, психикалық аурухананың қызметкерлері, риелторлар, нотариус өкілдері мен сот медициналық сарапшылар бар. Бүгінгі сот отырысында судья ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырған басты 3 айыпталушының біріне 18 жыл, екіншісіне – 17 жыл, ал тағы біріне – 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ұйымдасқан топтың өзге де мүшелеріне қатысты шешім шығарылды.
«Айжан Жүсіпғалиева 6 жыл, Майра Оразаева 10 жыл, Ғазиза Ешмұратова 3 жыл бас бостандығынан айырылсын. Сот медициналық сарапшы Виталий Колесников 4 жылға темір торға қамалсын», – деді судья Ерлан Болатов.
Оқи отырыңыз: Теміртауда ер адам жол бойында ерегіскендерді ажыратамын деп ажал құшты