Көшкін 400-ден астам отбасыға әсер етті, бірнеше жолды жүруге жарамсыз етіп, үш су арнасының опырылуына себеп болды
Колумбияның оңтүстігіндегі Нариньо департаментіндегі көшкін салдарынан төрт адам қаза тауып, 100-ге жуық отбасы баспанасыз қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы аймақ губернаторы Луис Альфонсо Эскобар әлеуметтік желіде хабарлады.
"Жаңбыр бірнеше қалада төтенше жағдайларды тудырды, бірақ ең жойқыны Пасто қаласындағы Эль-Энкано елді мекенінде болды, онда көшкін төрт адамның өмірін қиып, елеулі шығын келтірді", — деді ресми өкіл.
Көшкін 400-ден астам отбасыға әсер етті, бірнеше жолды жүруге жарамсыз етіп, үш су арнасының опырылуына себеп болды. Билік жолдарды тазалап, ауыз суды автоцистерналармен жеткізу жұмыстарын жүргізуде, деді губернатор.
Ла-Крус қаласында 100 отбасы су тасқынынан зардап шекті, үш жаяу жүргіншілер көпірі қирады.
Оқи отырыңыз: Қара риелторлар: психикалық науқастарды өлтіріп, пәтерін сатқан қылмыстық топқа қытысты үкім шықты