Өңірде екі күннен бері қатты аяз сақталып тұр
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жариялаған статистикаға сүйенсек, небәрі екі күннің ішінде үсік шалған тоғыз адам облыс ауруханаларына емделуге жүгінген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Еkaraganda.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды облысында екі күннен бері қатты аяз сақталып тұр. Сыртқы температура бірнеше рет -30 градустан да төмен түскен. Тұрғындарға ауа райының қолайсыздығы туралы бірнеше рет ескерту жасалғанымен, өкінішке қарай, әлі де суықтан зардап шекккендер дерегі азаяр емес.
"Үсік шалған тоғыз адам медициналық көмекке жүгінген. Статистикаға қарасақ, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск және Пришахтинск қалаларының тұрғындары аязды ауа райының зардабын шегіп отыр", - делінген хабарламада.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы алты адам ауруханаға жатқызылып, үшеуі амбулаторлық емделуге жіберілгенін хабарлады.
Оқи отырыңыз: Аяз, көктайғақ, жаяу бұрқасын: сенбіге ауа райы болжамы жарияланды