Қарағандыда адам азаптады деп айыпталған түрме қызметкері сотталды

Photo by engin akyurt on Unsplash
Photo by engin akyurt on Unsplash

Сотталған "әділет майоры" арнайы шенінен айырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің режим жөніндегі бөлімі бастығының орынбасарына сотталған адамды азаптағаны үшін үкім шығарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған үш жыл бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынды. Сотталған "әділет майоры" арнайы шенінен айырылды және одан Жәбірленушілердің өтемақы қорына тиісті төлемдер өндіріледі", - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеуді облыс прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында су тасқынына қарсы бөлінген 300 млн теңге жымқырылған

Новости партнеров