Қарғын су: ұландық сарбаздар Арқалықтағы арықтарды тазартты

18.03.2025 19:15

Олар қырықтан астам үйдің маңайын қардан тазартып, тұрғындарға қолқабыс жасады

Ұлттық ұланның сарбаздары тасқын қаупі бар аймақтарда жүр. Қостанайдағы әскери бөлімнің 100 әскери қызметшісі мен 9 техникасы Арқалыққа барды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар қырықтан астам үйдің маңайын қардан тазартып, тұрғындарға қолқабыс жасады. Әскери қызметшілер сондай-ақ Астананың маңындағы Қоянды ауылына да ат басын бұрды. Елордалық 30 сарбаз елдімекендегі арықтарды қардан тазартып, қаптарға құм толтырып, ауыл халқына көмектесті.

 «Ұланның сарбаздарына рақмет! Көмек беріп жатыр. Арықтардағы қарды тазалады», – деді облыс тұрғыны Бейбіт Көршібаев.

Оқи отырыңыз: Қарғын су: Атырау облысын су басуы мүмкін