Картоп бағасын себепсіз өсіру бойынша 50-ге жуық заңбұзушылық анықталды

22.01.2025 14:25

Сауда министрлігі өңірлерде аталған көкөніс түрінің құнына тексеріс жүргізген

Қазақстанда картоп бағасын себепсіз өсіру бойынша 50-ге жуық заңбұзушылық анықталды. Сауда министрлігі өңірлерде аталған көкөніс түрінің құнына тексеріс жүргізген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Ведомствоның таратқан ақпарына сай, егер саудагер картоп бағасын заңсыз көтерген болса, онда оған бірінші рет ескерту жасалады. Келесі жолы шағын кәсіперлерге 10 айлық, ал орта бизнес өкіліне 75 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Жауаптылардың айтуынша, қазір елде картоп бағасы тұрақты.  

"Астана қаласын алатын болсақ SMALL сауда желісінде картоп 1 келісі 280 тг тұрады. Және "Магнум" желісінде картоп 185 теңгеден сатылып жатыр. Егер Қазақстан бойынша алатын болсақ, картоптың орташа бағасы - 322 теңге. Ал әлеуметтік корпорацияның тұрақтандыру қорында сатылып жатқан картоп бағасы 130 теңгені құрайды", - деді ҚР Сауда және интеграция министрлігі сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев.

Оқи отырыңыз: Алматының сауда орындарында картоп бағасы тұрақты әрі жеткілікті - мамандар