Қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар салымшылардың 50 млн теңгесін алып кеткен

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Бұл ақшаға пәтер сатып алып, депозиттер ашқан

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарда «TAKORP» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары салымшылардың қаражатына пәтер сатып алып, 4 депозит ашқан, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылдың наурыз бен қыркүйек айлары аралығында күдіктілер «TAKORP» қаржы пирамидасын басқарғаны анықталды, ол АҚШ-тағы жарнамалық қосымшалар платформасы ретінде қызмет еткен.

Қатысушыларды тіркеу үшін электрондық криптобиржа «ОКХ» арқылы криптовалюта сатып алуды ұсынған.

«Негізгі шарттардың бірі кемінде 5 жаңа салымшы тарту болған. Бұл шартты орындау арқылы құнды сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне кепілдік берілген. 50-ден астам азамат осы уәделерге сеніп, 30-дан 500 АҚШ долларына дейін ақша салып, өз деңгейіне қарай 2 мың АҚШ долларына дейін бонустар алуға үміттенген», - делінген хабарламада.

Қылмыстық кірістің жалпы сомасы 50 млн теңгеден асты.

Күдіктілер салымшылардың ақша қаражатына Павлодар қаласында 10 млн теңгеге пәтер сатып алып, банктерде 8 млн теңге сомасына 4 депозит ашқан.

Сот санкциясымен жылжымайтын мүлік пен ақша қаражаттарына тыйым салынды.

Күдіктілерге қатысты «үйқамақ» және «елден кетпеу туралы қолхат» түрінде шара қабылданды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жердің 100 пайызға жуығы тозған – Сенат депутаты

Новости партнеров