Атырауда екі қабатты тұрғын үйден өрт шығып, зейнеткер көз жұмды

Алдын ала болжам бойынша, марқұм түтін иісіне уланып қалуы мүмкін

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда екі қабатты тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан 74 жастағы зейнеткер көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға қаладағы Әуезов көшесінде кеше сағат 7:00-де шамасында болған. Төтеншеліктер жеткенше, қызыл жалын 12 шаршы метр аумақтың күлін көкке ұшырыпты. Пәтер есігі құлыптаулы болған соң, мамандар терезе арқылы үйге кіріп, қарияның мәйітін алып шыққан. Алдын ала болжам бойынша, марқұм түтін иісіне уланып қалуы мүмкін. Ал өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз.

 «Нәтижесінде, пәтердің қонақ бөлмесінен 1952 жылғы әйелді тауып, таза ауаға шығарып, ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне» тапсырдық. Алайда дәрігерлер әйел адамды түтін иісіне уланып, қайтыс болғандығын анықтады. Өрт сағат 07.58-де толықтай жойылды. Өртті  сөндіруге Атырау облысы ТЖД 6 қызметкер, 2 бірлік техника жұмылдырылды», – деді қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы Сәбит Борашев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жердің 100 пайызға жуығы тозған – Сенат депутаты

 

 

 

 

Новости партнеров