Баланың анасы оның үстінен арыз жазудан бас тартқан
Павлодар облысында баласын ұрып-соққан өгей әкенің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Облыстық полиция департаментiнен хабарлағандай, оқиға 4 наурызда болған.
«Өгей әке кәмелетке толмаған өгей баласын үстелді жинамағаны үшін ұрғаны анықталды. Бастапқыда заңды өкіл өтініштен бас тартқан», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде кәмелетке толмағанды ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.
Сондай-ақ өтініштен бас тартқан ананың тәртібі кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияда қаралатын болады.
Оқи отырыңыз: Қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар салымшылардың 50 млн теңгесін алып кеткен