Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан әйел адам көз жұмды

Павлодар облысы ПД
Павлодар облысы ПД

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысында тасжолда болған жантүршігерлік жол апатынан әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Павлодар-Семей тасжолында Аққұла ауылынан 12 шақырым жерде екі көлік соқтығысты. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Corolla Spacio жүргізушісі ауруханада көз жұмды.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, деп түсіндірді Полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Жолаушылары бар бес автобус жолда тұрып қалды

Новости партнеров