Қаржылық қауіпсіздік: ҚМА мамандары жастармен кездесті

Дәріс интерактивті форматта өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қаржылық қауіпсіздік бойынша өтетін Ұлттық олимпиадаға дайындық басталды. Алғашқы дәрісті Қаржы мониторингі агенттігінің экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар студенттерге бюджет қауіпсіздігі, цифрлық алаяқтық, деректерді қорғау жөнінде аз-кем ақпарат айтты. Іс-шараның маңызына тоқталып, жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру қашанда маңызды екенін жеткізді. Дәріс интерактивті форматта өтті. «Заң мен тәртіп» жобасы аясында ұйымдастырылатын келелі кездесулер енді Алматының басқа да жоғары оқу орындарында жалғаспақ.

 «Мақсат – қаржылық сауаттылықты артыру, қаржылық қауіпсіздікке шақыру. Жастар дроперлер, яғни ақшаны өз карточкасына аудару арқылы алаяқтарға көмектесуге болатынын білмейді. Ол да қылмыспен айналысқан болып саналады. Сондықтан осындай іс-шараларды жүйелі түрде өткізіп жатырмыз», – деді экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі Жақсылық Мырзахан.

 «Алматы қаласы бойынша 30 мыңға жуық белсенді Алматы жастарының қатысуымен қаржылық сауаттылық арттыру, алаяқтықтардың алдын алу және дропперлермен қарсы күрес жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іс-шара 7 сәуір мен 11 сәуір аралығында өтеді» – деді экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеушісі Мирас Бекенов.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында 2 000-нан астам маманның еңбекақысы төленбеген

Новости партнеров