Президент мемлекеттік қызмет туралы Жарлыққа өзгеріс енгізді

26.11.2024 11:49

Жарлық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді

Акорда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 21 қарашадағы Жарлыққа қол қойды. Құжат мемлекеттік қызметке қатысты бұрын қабылданған бірқатар Жарлыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтқанда, 2000 жылғы 31 шілдедегі «Мемлекеттік аппараттың жұмысын жетілдіру, бюрократизмге қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа жаңа ережелер қосылды. Құжатта келесі жағдайларды есептемегенде мемлекеттік органдардың штат санын ұлғайту, Қазақстан Үкіметі белгілеген тәртіппен әртүрлі мемлекеттік мекемелер арасында бос позицияларды қайта бөлу мүмкіндігі нақтыланған:

- ҚР Президенті енгізген төтенше жағдайға ден қою қажеттілігі;

- Орталық мемлекеттік органдарды немесе олардың бөлімшелерін құру;

- «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес әкімшілік-аумақтық құрылымдағы өзгерістер;

- ҚР Президентінің нұсқауы бойынша айқындалған өзге де жағдайлар.

Сондай-ақ бос лауазымдарды Президент әкімшілігі, Үкімет аппараты, Парламент палаталарының аппараттары, сот әкімшілігі, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар, азаматтық қорғау органдары, Қорғаныс министрлігі сияқты мекемелерде, сондай-ақ штат санының лимиті 100 бірліктен кем мемлекеттік органдарда қайта бөлуге болмайтыны нақтыланады.

Жарлық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

Дерекөз: ҚазАқпарат