Қазақ тілінде түсірілген мультфильмдер көп болуы қажет - Президент

14.03.2025 16:25

Бұл – ұлт болашағына тікелей ықпал ететін мәселе

Samu Lopez/unsplash.com/

Анимацияны дамыту мәселесін қолға алу керек. Бұл туралы Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Жақында «Шоқан. Қашқария сапары» деген мультфильм шығыпты. Бұл өскелең ұрпаққа әйгілі тарихи тұлға Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет беретін өте жақсы туынды деп айтуға болады. Қазақ тілінде ұлттық нақышта түсірілген осындай мультфильмдер көп болуы қажет. Бұл – ұлт болашағына тікелей ықпал ететін мәселе. Сондықтан анимацияны дамыту мәселесін қолға алу керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Әдемі көрсеткіштерге әуестеніп кеттік: Президент салық заңнамасындағы олқылықтарды сынады