Жеңіл көлікке қосымша бак орнатып бензин таситындар көптеп анықталды
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында заңсыз жанармай тасу тыйылмай тұр. Жұрт әсіресе, жеңіл көлікке қосымша бак орнатып, елдегі жанармай бекеттерінен бензинді арғы аумаққа тасиды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Былтыр дәл осындай 32 тонна заңсыз жанармай саудасы тәркіленген. Оған қоса, салық органдары бензин толы 2 цистернаны шекарадан өткізбек болғандарды анықтады. Тексерістен соң 100 тонна сұйық отынның не құжаты, не тасымалдау рұқсаты болмағаны расталды.
Жалпы, Жамбылда мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы 140 тоннаға жеткен. Былтыр бас-аяғы 79 дерек тіркеліп, кінәлілерге жанармайды құжатсыз тасу бабымен 4 млн теңге айыппұл салынды.
"Барлық факт бойынша мемлекеттік кірістер мамандарымен процессуалдық қаулылар қабылданып, кінәлі тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 571 және 283-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Мемлекеттік кірістер департаменті байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлнұр Абдалимова.
Оқи отырыңыз: Биыл Алматыда жаңа спорт кешендері мен мүгедек жандарға арналған орталық құрылысы басталады