Қазақстан пойыздарында жолаушыларға су мен құрма тегін таратылып жатыр

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Вагон-мейрамханалардың жұмысы ораза ұстаушылар үшін арнайы кестеге көшті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасиетті Рамазан айында Ұлттық тасымалдаушының пойыз жолсеріктері жолаушыларға ерекше құрмет көрсетуде. Барлық бағыттар бойынша жолаушыларға құрма мен су тегін таратылып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар вагон-мейрамханалардың жұмысы ораза ұстаушыларға ыңғайлы болу үшін арнайы кестеге көшті. Мейрамханалар күн сайын 08:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейді, ал сәресі (сухур) уақытына орай 04:00-ден 05:30-ға дейін ашық болады. Бұл жолаушыларға таңғы асты уақытылы ішуге мүмкіндік береді.

«Ораза ұстаған жолаушылар үшін 18:00-ден 20:00-ге дейін вагон-мейрамханалардағы тағамдарға 10% жеңілдік қарастырылған. Сондай-ақ ауызашар (ифтар) уақытында жолаушыларға су мен құрма тегін ұсынылады», - делінген ҚТЖ хабарламасында.

Ұлттық тасымалдаушы барлық жолаушыларды өзара құрмет пен түсіністік танытуға, пойыз ішіндегі тазалықты сақтауға және денсаулықтарына мұқият қарауға шақырады.

Жолға шықпас бұрын денсаулық жағдайын тексеріп, дәрігерден кеңес алу ұсынылады.

Оқи отырыңыз: Ысырап болмауы керек: ҚМДБ бағаны шарықтатып жіберген дәмханаларға үндеу жасады

Новости партнеров