Бес шахтердің өліміне төрт адам кінәлі деп танылған
Қарағанды облысының "Қазақстан" шахтасындағы апатқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бес шахтердің өліміне төрт адам кінәлі деп танылған. Олардың ішінде кеніштің уақытша өндіріс жөніндегі директорының орынбасары мен конвейерлік көлік учаскесінің басшысы бар. Тергеу барысында аталған қызметкерлердің бірқатар заңбұзушылыққа жол бергені анықталған. Бүгін үкім кескен Шахтинск қалалық соты азаматтарды 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ сотталушылар тау-кен саласында 3 жыл басшылық лауазым атқара алмайды. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 17 тамызында "Арселор Миттал Теміртау" компаниясына қарасты көмір кәсіпорнында өрт болған. Апат кезінде 227 кенші жұмыс істеп жатқан. Олардың көпшілігі құтқарылды. Ал отқа оранған учаскедегі бес адамның денесін тек екі күн өткеннен кейін жер бетіне шығарған.
Оқи отырыңыз: Қостанай балабақшаларында тамақ қымбаттады - аналар наразылық білдірді