Елімізде ұрық хирургиясы бойынша бағдарлама жұмыс істеген жылы 35 жатырішілік операция сәтті жүргізілді
University Medical Center базасында Астанада алғаш рет Денсаулық сақтау министрлігінің және AYALA қайырымдылық қорының бастамасымен бір жыл бұрын іске қосылған «Феталдық медицина» жобасының шеңберінде екі сирек жатырішілік операция жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, монохориондық егіздер бір жұмыртқадан түзіледі. Бұл балалар генетикалық жағынан бірдей, олар өте ұқсас, бірақ мұндай жүктіліктің асқынуы бихориалдық егіздерге қарағанда екі есе жиі кездеседі.
Мұндай жүктіліктегі патологиялар көбінесе ұрықтың дамуындағы тамырлы ауытқуға байланысты туындайды, біріккен тамырлар қанмен біркелкі қамтамасыз ете алмайтындықтан, қауіпті болады.
«Қазақстанда акушерлік практикада пренаталдық диагностиканы енгізудің есебінен бүгінгі таңда осындай жатырішілік патологияларды ерте клиникаға дейінгі анықтауда жеткілікті тәжірибе бар», - делінген хабарламада.
Феталдық медицина бойынша мастер-кластың бірінші күні еліміздің барлық өңірлерінен пренаталдық ультрадыбыстық диагностика бойынша штаттан тыс бас мамандар, сондай-ақ өңірлік ұрықты сақтау орталықтарының басшылары қатысты.
Жалпы, Қазақстанда ұрық хирургиясы бойынша бағдарлама жұмыс істеген жылы 35 жатырішілік операция сәтті жүргізілді, бұл болашақ 32 нәрестенің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Алдағы жылдары бағдарламаны кеңейту жоспарлануда, оның ішінде жыл сайын еліміздің жетекші медициналық орталықтарында 150-ге жуық феталдық операция жасалады. Қазір мұны тек Алматы балалар кардиохирургиясы орталығының және елордалық Ана мен бала орталығының мамандары ғана жасайды.
Сонымен қатар 15 перинаталдық орталықта туа біткен кемістікті диагностикалаудың қолжетімділігін арттыру үшін «Бір күндік клиникалар» ашылды. Онда 30 мыңнан астам жүкті әйел кешенді зерттеп-қараулардан өтті, бұл патологияны ерте анықтауға және өмірге сәйкес келмейтін кемістіктері бар балалардың туылуын болдырмауға көмектесті.
Оқи отырыңыз: АҚШ-тан депортацияланған қазақстандықтар Коста-Рикаға жеткізілді