Қазақстанның жоғары оқу орындарына оқытушылық қызметке 1600-ден астам шетелдік сарапшы тартылды
2024 жылы ЖОО контингентіндегі шетелдік студенттердің үлесі 15%-ды құрады, әлемнің 23 елінен 97 университеттермен 245 қос диплом бағдарламасы іске асырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Шетелдік студенттер саны 93 елден 31 400 адамды құрады, бұл 2023 жылғы 82 елден 26 800 студентке қарағанда 4 600 адамға көп.
Қазақстанның жоғары оқу орындарына оқытушылық қызметке 1600-ден астам шетелдік сарапшы тартылды.
Оқи отырыңыз: Университет пәндерін оқытудың мазмұны мен әдісін айтарлықтай жаңарту қажет – Президент