Қазақстанда қанша елдімекенге қала мәртебесі берілген

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Алматы облысында облыстық маңызы бар жаңа қала пайда болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда қала мәртебесі 90 елдімекенде бар, соңғы жыл ішінде олардың саны бір бірлікке артқан, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Алматы облысында облыстық маңызы бар жаңа қала пайда болды.

"Жалпы облыстық маңызы бар қалалар саны - 39, аудандық маңызы барлар - 38, республикалық маңызы бар қала – 3", - делінген хабарламада.

Өңірлік бөліністе қалалардың ең көп саны Ақмола облысында – 11 бірлік, сондай-ақ Ақтөбе және Қарағанды облыстарының әрқайсысында 8 бірліктен.

2025 жылғы 1 қаңтарға аумақтық бірліктер қатарында 195 аудан, 29 кент, 2160 ауылдық округ және 6 179 ауыл бар.

Оқи отырыңыз: Алматыда ең ірі халықаралық инженерия және робототехника чемпионаты басталады

Новости партнеров