Тестілеудің өзі 1 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді
Қазақстанда наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 15-25 ақпан аралығында өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
Тестілеудің өзі 1 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді.
Бұл тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:
Тестілеуге қатысу құны – 5640 теңге.
Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін пунктті, күнді және уақытты өз еркі бойынша таңдайды.
Оқи отырыңыз: Ұрланған миллиондар мен миллиардтар: ІІМ іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады