Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында жолаушылар терминалының өткізу қабілеті айтарлықтай ұлғайды
Елімізде жаңа үш әуежайдың құрылысы басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Президент тапсырмасымен ішкі туризмді және жолаушылар әуе тасымалын дамыту мақсатында биыл Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында әуе айлақтары салынады.
Бұл жобалардың іске асырылуы өңірлердегі экономиканың дамуына жаңа импульс бермек.
Сондай-ақ былтыр әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту аясында үш жаңа жолаушылар терминалы пайдалануға берілді.
Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында жолаушылар терминалының өткізу қабілеті айтарлықтай ұлғайды.